Әйтеке би көпсалалы колледжінде 24 қазан жас оқытушылар мен жұмысқа жаңа қосылған оқытушылар арасында "Жарасымды қарым -қатынас" тақырыбында «Семинар-тренинг» ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты: жас оқытушыларға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарастарын анықтау.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы десек артық айтпаған болар едік. Бүгінгі оқытушы алдына келген білім алушыға ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.
Семинар барысында Аға шебер С.Ж.Байнахатов алғы сөз алып бүгінде жас оқытушыларға кәсіби құлшынысын арттыру мен жігерлендіру мақсатында семинарға сәттілік тіледі.
Колледж психологі А.Д.Досмуратов пен колледж әдіскері Г.Ж.Жолманова жас мамандардың жұмысқа кәсіби бейімделуін, психологиялық қалыптасуын анықтау үшін сауалнамалар, тренингтер түрлі ойындар ұйымдастырып психологиялық кеңес берілді.
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/distemelik-b-lim/distemelik-zh-mys/300-seminar-trening.html#sigFreeIdb424b9b192