1 қараша Әйтеке би көпсалалы колледжінде өндірістік оқыту шебері С.С.Кушкимбаеваның «Тамақтандыру саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар мақсаты: Тамақ өнеркәсібі үшін кадрлар даярлауда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануда арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады

Семинар барысында С.С.Кушкимбаева колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістерін, дұрыс (салауатты) тамақтануды ұйымдастыруда жаңа білім мен дағдыларды, диеталық тамақтану, жасөспірімдер мен балалардың тамақтану ерекшеліктеріне баса назар аударып түсіндіру жұмыстарын жүргізді және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын соңғы үлгідегі жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру түрлерін бейне материал арқылы көрсетті.

Семинарда тамақтандыруды ұйымдастырудың заманауи технологиялары мен қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, түрлі заманауи әдіс тәсілдерімен қызықты әрі тартымды етіп өткізді. Сонымен қатар диеталық салаттар мен асқабақтан әзірленген бауырсақтан дәм татқызды.

Семинар соңында әріптестер кері байланыс жасап, сұрақтармен ой бөлісіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.