Атырау қаласында 7-8 қараша аралығында «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында шеберлік конкурсы өтті.

Кәсіби шеберлік конкурсы 2 кезеңнен тұрды: теория мен практикалық.

Конкурсқа Ақтөбе облысының атынан колледждің арнайы пән оқытушысы Абдисаттаров Нурслан Саматович «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарының технологиясы» құзіреттілігі бойынша 1 орынға ие болды.

Әріптесіміздің жұмысына сәттілік пен толағай табыс тілейміз!