Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024  жылы 20 қараша күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызметтің үздік тәжірибелерін анықтау, қолдау және насихаттау, әдіскердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Үздік әдіскер – 2024» облыстық байқауы өтті.

Байқауда әділқазы мүшелері: педагог – шебер, «Үздік педагог», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері болды.

Байқау:

  1. «Менің әдістемелік жолым»;
  2. «Әдістемелік шеберлік»;
  3. «Жас оқытушылар мектебі» атты үш кезеңнен тұрды.

Байқауға колледж әдіскері Жолманова Ғалия Жумажановна қатысып өз шеберлігін танытып, шығармашылық жұмыстары мен құзіреттілігін қалыптастыру арқылы 2 орынға ие болды. Әріптесіміздің жұмысына жеміс, толағай табыс тілейміз