Әйтеке би көпсалалы колледжі – техникалық бағытта білім беретін оқу орындарының ішіндегі өңірдегі бірден – бір білім ордасы.

Білім ошағының 50 жылдық мерейтойына Әйтеке би колледждің ардагер ұстаздары, әлеуметтік серіктестер, мекеме басшылары, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Аталмыш шара колледждің 50 жылдығына арнап қжойылған ескерткіштің ашылу салтанатымен басталып, аудан әкімінің орынбасары М.Орынбасар құттықтау сөз сөйлеп, колледждің ардагер ұстаздары М.Қарабаев пен Е.Шалов ескерткішті ашып берді.

Келген қонақтар мерей тойға арналған көрмені тамашалап, дөңгелек үстелмен жалғасын тапты.

Колледж директоры М.С.Жиенкожаев мәртебелі меймандар мен ардагер ұстаздарға «әйтеке би көпсалалы колледжіне 50 жыл» мерекелік төс белгісімен марапаттап, мерекелік статуэтка табыстады.

Ардагерлер де өз кезектерінде сөз алып, өздері еңбек еткен білім ошағына деген ізгі ниет тілектерін айтты.