«Өнегелі 15 минут» жобасын енгізу – студенттің тұлғалық дамуына ықпал ететін ерекше бастама. Аталмыш жоба тәрбиелік мәні терең және әр студенттің жүрегіне жол табатын тиімді әдіс ретінде танылып отыр. «Өнегелі 15 минут» – тек уақытша шара емес, ол студенттің күнделікті өміріне өнеге мен тәрбие енгізудің, рухани дамуына ықпал етудің құралы. Бұл жобаның ең басты мәні – әрбір минуттың құндылығын түсіндіру.
Жобаның басты идеясы – қарапайым, бірақ әсерлі. Яғни, сабақ арасындағы 15 минут ішінде кітапханашы мен студенттер өзара әңгімелесіп, өнегелі оқиғаларды тыңдайды, өмірлік маңызды мәселелерді талқылайды. Осы аз уақыттың өзінде студенттерге жақсылықтың, адалдықтың, мейірімділіктің, уақытты тиімді пайдаланудың маңызын ұғындыруға болады. Өмірде әр минут бағалы, ал өнегелі минуттар – нағыз асыл мұра екенін ұмытпайық.