- «Сәлемдесу»
Мақсаты: Амандасу топты ұйымдастыру
Нұсқау: Ортаға шеңбер жасап тұрады. Әр қатысушының атын барлығы бірге хормен айтып шығу керек.
- «Сымсыз телефон»
Мақсаты:Білім алушылардың есте сақтау қабілетін нығайту.
Нұсқау: Ортаға 5 қатысушы керек. 1 қатсыушы ортада қалып, қалғаны кабинеттің сыртына шығып тұрады. Ортадағы қатысушы тақтадағы әңгімені есінде сақтап, дәл қалыпында келесі қатысушыға жеткізуі керек.
- «Өз көңіл – күйіңе әсер ет және оны жақсарт» презентация
Мақсаты: Әр бір білім алушы өмірінде кездесетін күйзелісті жеңу, мәселені шешудің жаңа жолдарын бірге табу.
- «Өз жұбыңды тап» жаттығуы
Мақсаты:Қатысушылар бір-бірін танып білуге, қарым-қатынасты жақсарту.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
- Рефлексия- Ашық микрофон
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/t-rbie-b-limi/psikholog/280-z-k-il-k-ji-e-ser-et-zh-ne-ony-zha-sart-psikhologiyaly-sa-at.html#sigFreeIdfd97fe807f