2024-2025 оқу жылының 02 сәуір күні колледжде "Суицидтік қауіп, қауіпсіздікті жоспарлау" тақырыбында колледж оқытушыларына семинар тренинг өткізілді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, болдырмау.
Семинар «шаттық шеңберімен» тренингмен басталып, оқытушыларды өздерінің жылы лебіздерімен бөлісуден бастадыү. Келесі кезеңде, зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар өткізілді. 3 бөлімде семинарға қатысушыларға «психологиялық кейстер берілді». Кейсте берілген тапсырманы оқытушылар команда болып шешу жолдарын бірге іздеді.
4 бөлімде «"Суицидтік қауіп, қауіпсіздікті жоспарлау"» жөнінде оқытушыларға ақпарат беріліп, презентация көрсетіліп, психологиялық кеңес берілді.
5 бөлімде «Махаббат ағашы» тренингі ұйымдастырылды. Мақсаты: Әр қатысушы қағаз бетіне ағаштың суретін салып не үшңн өзін жақсы көретінін қағаз бетіне түсіруі керек. Адамның өзін, отбасын, достарын жақсы көруніе ықпал ету. Семинардың соңында оқытушыар семинардан алған тәжірибесімен бөлісіп, кері байланыс жасады.
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/t-rbie-b-limi/psikholog/305-suitsidtik-auip-auipsizdikti-zhosparlau.html#sigFreeId10558a2afc