Жаңалықтар

5- қазан Ұстаздар күніне орай колледждің белсенді студенттері өздерінің жүрек жарды лебіздерін «Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбынде бейне сюжет арқылы білдірді. Бейнеролик колледждің ресми инстаграм парақшасына салынды. Сонымен қатар барлық оқытушыларға шағын тәтті дәмдерін тарту етті.

«Nur Otan» праймеризіне тіркелген кандидаттар Әйтеке би көпсалалы колледжінің студенттерімен және Нұр Отан партиясының өкілдерімен ашық ауада кездесті. Колледж студенттерінің қатарында Жас Отанның мүшелері де болды.

Әйтеке би көпсалалы колледжінде Халықаралық қыздар күніне орай «Қыз балалар денсаулығы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында колледж медбикесі Г. Ауезовамен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл кездесуде басты назар қазіргі жасөпірім қыздарда болатын өзгерістер мен ерте жүктілікті болдырмау тұрғысында пікір алмасу болды. Сонымен қатар кездесу соңы әр түрлі сұрақ- жауаптармен аяқталды.

2020 жылдың 24- қыркүйек күні Әйтеке би аудандық прокурорының аға көмекшісі Сарин Т, Әйтеке би аудандық аурухана бөлімі меңгерушісі Ж. Файзуллаев және Әйтеке би аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Бодыков М. К-пен колледж студенттері zoom платформасы арқылы “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықты болдырмау, алдын-алу және зардаптары” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Әйтеке би көпсалалы колледжінде талай жылдар бойы қызмет етіп, жас маман тәрбиелеуде ерең еңбектерін сіңірген ардагерлеріміз Шалов Едіге, Смагулова Роза Жамантайқызы, Сулейменов Муханбет Нажмадинович, Карпова Тамара, Елеусизов Қарасай, Жексенбаев Амантай, Жексенбаева Базар, Еденов Арыстан, Жетибаева Жаңылсын, Балманова Наталья.

Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Нажмадинов және колледж директоры Асылбек Қанымбаев колледж студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенді жастар қатысты.