Жаңалықтар

Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж. Жанайдаровтың 15-қарашадағы № 2- 7300 шығыс хатына сәйкес, 20-30 қараша аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық  бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында онкүндік жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес 20- қараша күні құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен интернет сабақты онлайн режімінде 1-2 курс студенттері қарады.

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Сүлейменованың №2-6856 шығыс хатына сәйкес ағымдағы жылдың  26- 30 қараша күндері  колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстелдер, флешмоб биі, тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Эстафета бойынша өткізілген шаралар монтаждалып, бейнеролик жасалып эстафетаны Бадамша агротехникалық колледжіне табысталды. Барлық өткізілген шаралар әлеуметтік желі мен колледж сайтына жарияланып отырылды.

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Сүлейменованың №2-7509 шығыс хатына сәйкес ағымдағы жылдың  27- қараша күні  колледжде
«Адалдық дүкені» жұмыс жасады. Акция бойынша адалдық дүкенде сатушы болмай, оқу құралдарының бағасы жазулы болып, студенттер мен оқытушылар қалаған заттарын алып, ақша салатын арнайы қорапқа алған заттарының құнын салды. Акция бойынша бейнеролик жасалды.

Ақтөбе облысы Білім басқармасы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті,  Ақтөбе облысы әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарының "Үгіт" жобасын жүзеге асыру мақсатында Әйтеке би көпсалалы колледжі студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл: жаңа  шаралары» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Мырзағалидің ұйымдастырумен танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат барысында студенттер еліміздің дамуына ықпал етуші факторларды негізге ала отырып, өз ұсыныстарын білдірді.  Сонымен жемқорлық іс-әрекеттерінің тигізер зиянды тұстарын да тілге тиек етіп, өзара пікір алмасып, "Жемқорлықсыз өмір" бейнеролигімен қорытындыланды.

Әйтеке би көпсалалы колледжінде 23- қараша күні Ақтөбе облыстық білім басқармасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» жұмыстарын күшейту мақсатында 1- курс студенттері «Жетістікке жеткен түлектер» тақырыбында арнаулы пән оқытушысы әрі ауданға белгілі азамат, осы оқу орнын бітіріп, еңбек жолын жалғастырушы Байнахатов Сұңғат Жолаушыбаевич және Халықаралық деңгейдегі қол күрестен спорт шебері, биылғы оқу жылында бітіргелі отырған 3-курс ГҚЖ-9 топ студенті Бақыт Бауыржан Серіғалиұлымен кездесті.

Әйтеке би көпсалалы колледжінде 22- қараша күні Ақтөбе облыстық білім басқармасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» жұмыстарын күшейту мақсатында 1- курс студенттері аудандық «Халықтар достығы» мұражайына экскурсияға барды.

2018 жылы 27- қыркүйекте Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2- тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылау мақсатында 14- қарашада сағат 10:00 де өткен жалпыхалықтық дикатан жұмысын жазуға Әйтеке би көпсалалы ұжымы және топ студенттері қатысты