Жаңалықтар

Ақтөбе облысы білім басқармасы Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы отырысының 2020 жылғы 11 сәуірдегі №31 хаттамасына сәйкес «Жалған терроризм» алдын алу туралы ақпаратпен колледж қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әйтеке би көпсалалы колледжінің тәрбие бөлімі «Жаңа жыл-2019» мерекелік бағдарламасын өткізуде жоспар құрып, жоспарға сәйкес шараларын өткізді. «Кел, төрлет - Жаңа жыл» концерттік бағдараламасын өткізуге жауапты Аспаз-5 тобының кураторы Г. Маханбетова және өндірістік оқыту шебері С. Мустафина болды. Бұл бағдарламаға барлығы 4 топ қатысты: Аспаз-7, АӨТМ-3, ГҚЖ-1, ГҚЖ-9 тобы қатысса, қалған 5 топ өндірістік тәжірибеде болды. Сонымен қатар, жылды қорытындылауда колледж қабырғасында белсенділік көрсеткен ата- аналарға колледж директорының атынан алғыс хат пен «Өнегелі ата- ана» төсбелгісі табысталды. Кеш шымылдығын директордың ТІЖО М. Мырзағали құттықтау сөзімен ашып, әр топ өз өнерлерін ортаға салып, концерттік бағдарлама жоғарғы деңгейде өтті.

Әйтеке би көпсалалы колледжінің тәрбие бөлімі «Жаңа жыл-2019» мерекелік бағдарламасын өткізуде жоспар құрып, жоспарға сәйкес шараларын өткізді. «Қош келдің, Жаңа жыл» мерекелік ертеңгілік бағдараламасын өткізуге жауапты Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері болды. Бұл бағдарламаға колледж қызметкерлерінің балалары қатысты. Кеш шымылдығын директордың ТІЖО М. Мырзағали құттықтау сөзімен ашып, әр бала өз өнерлерін ортаға салып, Аяз атаның қоржынындағы сыйлықтарға ие болып,  ертеңгілік бағдарлама жоғарғы деңгейде өтті.

Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз болған, өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған  ұлан-ғайыр атырапта аталып жатқан Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай Әйтеке би көпсалалы колледжінде  «Ел бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» мерекелік сазды кеші өтті. Концерттік бағдарлама салтанатты түрде басталды. Бодандық құрсауынан шығамыз деген ұранмен бастарын бәйгеге тіккен жалынды жастардың рухын үнсіздікпен еске алып, директордың ТІЖО  М.Б. Мырзағали алғашқы сөзді сөйледі. Кейін жастар комитеті бастаған студенттер тобы мерекелік құттықтауын тарту етті.

  Тәуелсіздік-  бүкіл Алаштың болмысын бойына сидырған абыройлы ұғым және қасиетті сөз. Сан жылдар бойы елі мен жерін ат жалында жүріп қорғаған бабаларымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың арманы. Атаулы мерекеге байланысты Әйтеке би көпсалалы колледжінде «Тұғыры биік- Қазақстан» тақырыбында кітапханашы Боханова Венераның ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өткізілді. 

Әйтеке би көпсалалы колледжінде 22- қараша күні Ақтөбе облыстық білім басқармасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» жұмыстарын күшейту мақсатында 1- курс студенттері аудандық «Халықтар достығы» мұражайына экскурсияға барды.

«Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді.  Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады»- деп Міржақып Дулатұлы айтып кеткендей, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Ұлы даланың жеті қыры» атты халыққа үндеуінде біз өзіміздің қандай топтың ұрпағы, тарихымыздың бастауы, ұлттық идеологиямыз  туралы айқындап тайға таңба басқандай айтып өтті. Біз бұл нәрсені айқындап қана қоймай, тарихымызда орын алатын көптеген еңбек сіңірген, даңқты да үлгі болатын еліміздегі  барлық  өкілдерді әлемге танытуымыз қажет. Бұл «Рухани жаңғырудың» жалғасы болатын ұлы даладағы атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, Ұлы Жібек жолы,  «Архив-2025», «Ұлы дала есімдері» және «Дала флольклорының антологиясы» сияқты ірі жобалар бойынша жүзеге асырып, жұмысқа кірісуді ұсынады.